TurkLang  
Түркі тілдерін компьютерлік өңдеуге арналған халықаралық конференция
"TurkLang"

Түркі тілдерін компьютерлік өңдеуге арналған X-шы халықаралық конференция «TurkLang 2022»

Құрметті әріптестер,

«TurkLang 2022» Түркі тілдерін компьютерлік өңдеу атты Х халықаралық конференция 2022 жылдың 16-18 маусымында өтетіндігін қуана хабарлаймыз.
Ағымдағы жағдайға байланысты конференция заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып аралас (онлайн/офлайн) форматта өтеді.

Конференциясының бағдарламасы: TurkLang-2022-Program.pdf

ZOOM сілтеме:  https://us02web.zoom.us/j/86564026120?pwd=OUVKenpHSnRXVDdjNXlIUW1HR0xKQT09
Конференция идентификаторы: 865 6402 6120
Қолжетімділік коды: 212742

Конференция жұмысының бағыттары:

    1. Компьютерлік жүйелердің ұлттық локализациясы мен терминология
    2. Түркі тілдерінің электронды мәтіндік және аудио корпустары
    3. Түркітілдес Интернет-ресурстар, онтологиялар, тезаурустар және сөздіктер
    4. Мәтіндерді морфологиялық, синтаксистік және семантикалық өңдеу технологиялары
    5. Машиналық аудару технологиялары мен жүйелері және сөйлеу технологиялары
    6. Түркі және шет тілдерін оқытудың интеллектуалды технологиялары
    7. Жасанды интеллект жүйелерінде ақпаратты ұсыну мен өңдеудің семиотикалық моделдері
    8. Түркі тілдері – жаңа интеллектуалды технологиялар мен білімдерді өңдеу жүйелерін құрудың негізі ретінде
  • Конференция бағдарламасына пленарлық және секциялық отырыстар, дөңгелек үстелдер, программалық жүйелердің көрсетілімдері кіреді
  • Конференция кезінде программалық жүйелерді көрсеткіңіз келсе, ұсыныс пен ақпаратты поштаға жіберуді сұраймыз
  • Конференция аясында «Computational Models in Turkic Language and Speech» тақырыбында семинар ұйымдастырылады, семинардың жұмыс тілі – ағылшын тілі
  • Барлық жұмыстар «жасырын» рецензиядан өтеді (кемінде үш рецензия). Конференцияға қатысу үшін түпнұсқалық, бұрын жарияланбаған көлемі 8 беттен 15 бетке дейінгі (негізгі мақалалар) немесе 5 бетке дейінгі (шағын мақалалар) жұмыстар қабылданады

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен конференцияның сайтында танысуға болады.

Семинар материалдарын CEUR Workshop Proceedings (кейіннен Scopus-та индекстеумен) электронды кітапханасында орналастыра отырып, семинардың жеке еңбектер жинағында жариялау жоспарлануда.

Рецензиялау нәтижелері бойынша конференцияда баяндама жасауға қабылданған барлық жұмыстар конференция жинағында және конференцияның http://www.turklang.net сайтында жарияланады.

Конференцияның жұмыс тілдері

Конференцияның жұмыс тілдері – ағылшын, қазақ, орыс.
Презентациялар ағылшын тілінде ұсынылуы қажет.

Маңызды мерзімдер:

Мақаланың толық мәтінің тапсыру 25 мамырға дейін
Рецензиялау нәтижелерін жіберу 3 маусым
Конференция бағдарламасының жариялануы 10 маусым
Конференция күндері 16-18 маусым

Конференцияның қорытындысы бойынша материалдар жинағын кейіннен РҒДИ жүйесінде орналастыру жоспарлануда. PDF форматындағы жинақ конференция сайтында қолжетімді болады.