TurkLang  
Түркі тілдерін компьютерлік өңдеуге арналған халықаралық конференция
"TurkLang"

TurkLang туралы

Түркі тілдерін компьютерлік өңдеуге арналған 5-ші халықаралық конференция «TurkLang 2017» Қазан қаласында (Татарстан, Ресей Федерациясы) 2017ж. қазан айының 18-21 аралығында өтетінің қуанышпен хабарлаймыз.

Конференция жұмысының бағыттары:

  • Түркі тілдеріне арналған формалды модельдер
  • Компьютерлік жүйелерді ұлттық локализациялау және терминология
  • Түркі тілдерінің электронды корпустары
  • Мәтінді морфологиялық және синтаксистік өңдеу жүйелері
  • Сөйлеуді синтездеу және тану жүйелері
  • Мәтіндерді семантикалық өңдеу жүйелері
  • Машиналық аудару жүйелері
  • Түркі тілдерін оқыту технологиялары мен интеллектуалды жүйелері
  • Түркі тілдеріндегі лингвистикалық онтологиялар

Конференция бағдарламасы пленарлы отырыстар, «дөңгелек үстел» түріндегі пікір алмасулар, сондай-ақ бағдарламалық жүйелердің көрсетілімдерін қамтиды.

Конференция аясында кезекті UniTurk «Түркі тілдерінің электронды корпустарындағы грамматикалық белгілеу (аннотация) жүйелерін ортақтандыру» семинары өтпек.

Рецензиядан өтіп, конференцияға қабылданған барлық жұмыстар конференция мәліметтерінде (еңбектерінде) басылады және конференция сайтында (http://www.turklang.tatar) жарияланады.

Сарапшылар іріктеп алған таңдаулы мақалалар рецензияланатын журналда басылады.

Конференция жұмысының тілдері

Конференция ағылшын, орыс және татар тілдерінде өтпек.

Маңызды даталар:

  • Мақаланың аннотациясын тапсыру: 1 шілдеге дейін.
  • Мақаланың толық мәтінің тапсыру: 10 қыркүйекке дейін.
  • Рецензия нәтижелерімен танысу: 20 қыркүйек.
  • Конференция бағдарламасын жариялау: 10 қазан.
  • Конференцияны өткізу: 18 – 21 қазан.

Конференцияның тарихы:

  • TurkLang 2013 – Астана, Қазақстан, 3.10.13-4.10.13
    (http://www.e-zerde.kz/zerde/index.php/ru/struktura-4/struktura-6)
  • TurkLang 2014 – Ыстамбұл, Түркия, 6.11.14-7.11.14
    (http://www.turklang.itu.edu.tr/)
  • “TurkLang 2015” – Қазан, Татарстан, 17.09.15-19.09.15
    (http://www.turklang.antat.ru)
  • “TurkLang 2016” – Бішкек, Қырғызстан, 24.08.16-26.08.16
    (http://www.turklang.kz)